Ақтөбеде аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахунов өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Zello help еріктілер тобы хабарлады.
"Осымен бітті. Кішкентай баланы іздеуге көмектескен барша жанға алғыс айтамыз. #ZELLOPOISK командасы баланың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 29 желтоқсанда 4 жасар Данил Ахунов таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткені хабарланған болатын. "Диапазон" мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!