Ақтөбеде 4 жасар Данил Ахунов кеше таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон".
Басылым мәліметінше, баланы әкесі таңғы сағат 9:30 шамасында үйінің кіреберісінде қалдырып кеткен.
"Кеше сағат 9:35-те Жедел басқару орталығының 102 телефонына Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артуровичтің жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті", - делінген хабарламада.
Оны іздеуге полициямен қатар ҚР ҰҰ әскери қызметшілері, еріктілер жұмылдырылды.
Баланың бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті. Қызғылт сары түсті күрте, ашық көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқкиім киген.
Қандай да бір ақпарат білетін адамдарға 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!