- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде атыс болды:...
Ақтөбеде атыс болды: жараланғандар мен қаза тапқандар бар
Ақтөбеде атыс болды. 8 адам жарақат алып, бір адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Диапазонға сілтеме жасап.
28 мамырда көпсалалы облыстық ауруханаға (БСМП) әртүрлі дәрежедегі пышақ және оқ жарақаттарын алған 9 науқас жеткізілді.
- Түнгі сағат 2 шамасында белгісіз біреулер клиникалық өлім жағдайындағы жігітті жеткізді. Ол бірден реанимация бөлімшесіне жатқызылды, реанимациялық іс - шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмады, науқас қайтыс болды, ол 18 жаста еді, - деді ШЖҚ "көпсалалы облыстық аурухана" МКК травматология бөлімінің травматолог-дәрігері Жаслан Урумбаев.
Таңертең дәрігерлер жарақат алған науқастардың жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Бұл іс бойынша полиция төрт күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау ихоляторына қамауға алынды.
Бұл іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина