Ақтөбеге Қарулы күштер "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің 50-ден астам әскери қызметшісі келді. Олар су тасқынының салдарын жоюға қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әскерилер су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін 16 арнайы техникамен келді. Әскери қызметшілердің негізгі міндеттері - дезинфекция жүргізу және су тасқынына қарсы зардаптарды жою.
"Су тасқынынан кейін учаскелерді дезинфекциялау жұмыстары дүйсенбі, 22 сәуірде басталады" - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шаш түскенде қандай анализдер тапсыру керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз