- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде анасы мен...
Ақтөбеде анасы мен баласы өз пәтерінен өлі табылды
Ақтөбеде пәтерлердің бірінен анасы мен баласы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Диапазон" мәліметінше, 8-ықшамаудандағы көпқабатты үйде тұрғындар жағымсыз иісті сезіп, полицияға хабарласқан.
Шақырту бойынша келген полицейлер пәтерді ашып, екі мәйітті тапқан.
"23 шілдеде Ақтөбе қаласындағы пәтерлердің бірінде 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылды. Басқа мәліметтер жариялауға жатпайды, - деді Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі өкілдері.
Пәтер иесі мұғалім болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Ол жалғыз тұрған, ал баласы арасында келіп тұрған.
"Шыбындар ұшып, шыдауға келмейтін мүңкіген иіс шыққанда полиция шақырдық. Полиция келді, бәрін қоршап, алып кетті", - дейді көршілер.
Қазір пәтер есігі мөрленген, есіктерде арнайы бояу іздері бар, саусақ іздерін алған көрінеді. Ал көршілері бұл пәтерге дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан