- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде ана мен...
Ақтөбеде ана мен баланы жауыздықпен өлтірген күдікті кім екені белгілі болды
Ақтөбе полицейлері ана мен баланың өліміне қатысы бар күдіктіні ұстаған болатын. Ал күдікті кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеушілер мен жедел қызметкерлер бейнебақылау камералары көмегі арқылы тұрғын үйге кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстаған.
"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 29 наурызда сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны хабарланған болатын.
Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар денелерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Кейінірек Ақтөбедегі ана мен баланың өліміне қатысты жаңа ақпарат шықты.
Сондай-ақ, Ақтөбедегі ана мен баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова