- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде алаяқ зейнеткерге...
Ақтөбеде алаяқ зейнеткерге жалған ақша беріп жіберген
Ақтөбеде полицейлер зейнеткерді алдаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияға алаяқтың құрбаны болған 72 жастағы зейнеткер жүгінді. Оның айтуынша, орталық қалалық базарда оған белгісіз әйел келіп, өзін немересінің танысының анасы ретінде таныстырып, ұлы немересіне 5 мың теңге қарыз екенін айтқан. Бейтаныс адам зейнеткерге 20 мың тенге беріп, жәбірленуші 15 мың тенге қайтарып берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінірек жәбірленуші 20 мыңдық купюраның жалған ақша екенін біліп, полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарау барысында 54 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова