- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кепілге алу туралы
Ақтөбеде адамдар кепілге алынған: тосын жайт туралы не белгілі?
Ақтөбеде белгісіз біреу қызды кепілге алған. Оқиға орнына полиция, қала прокуроры және төтенше жағдайлар қызметі жеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы жеке үйлердің біріне белгісіз адам кіріп, қызды кепілге алған.
"102 пультіне жеке үйлердің біріне белгісіз біреу кіріп, қызды кепілге алғаны туралы хабарлама келді. Оқиға орнына барлық шұғыл қызмет жедел түрде кетті, аудан қоршауға алынды", - деді алдымен полиция.
Кейінірек полицейлер кепілге алынған адамдарды босатқаны, күдікті ұсталғаны белгілі болды.
Полиция үш адам, яғни қыз бен оның ата-анасы кепілге алынғанын хабарлады.
Ақтөбе облысының полиция бастығы Абай Жүсіпов кепілге алу туралы хабарлама сағат 20:00 шамасында түскенін айтты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен арнайы күштер барған.
"Кепілге алынған адамдарды босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленушілер медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова