Ақтөбеде адамдар кепілге алынған оқиға бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбедегі жер үйлердің бірінде адамды бостандығынан заңсыз айыру және екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
"Тергеу барысында күдікті өз танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені, ал жәбірленушіні заңсыз ұстағаны анықталды. "Арлан" арнайы бөлімшесінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Күдіктіге мына баптар бойынша айып тағылып отыр:
Ақтөбеде 13 қаңтарда кешкі сағат 20.00-де 102 пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды.
Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.
Кейінірек екі жәбірленуші қайтыс болғаны, бір адам жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.
Өңір әкімі жағдайға пікір білдіріп, көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!