Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан тұрғын жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция TikTok желісінде қоғамдық мораль мен мінез-құлық нормаларын өрескел бұзатын видеоны анықтаған. Тексеріс барысында видео авторы Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері оның ұсақ бұзақылық жасағанын, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне қатысты ата-ана ретіндегі міндетін тиісінше орындамағанын анықтаған.
"Бұл дерек бойынша әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде (86 500 теңге) әкімшілік айыппұл салынды", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!