Ақтөбеде сот шешімімен TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейпіл сөздер айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткен 42 жастағы қала тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция әлеуметтік желілер қоғамдық кеңістік екенін еске салды. Сондықтан тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
"Интернеттегі бейпіл сөздер, қорлау сипатындағы іс-әрекеттер және басқа да құқыққа қайшы амалдар қоғамдық орындардағыдай жауапкершілікке әкеп соғады", – деп атап өтті құқық қорғау органдары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз