Ақтөбеде 65 жастағы ер адам боран кезінде жоғалып кеткен

Ақтөбеде 65 жастағы ер адам боран кезінде жоғалып кеткен
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде кезекті қоңырау ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал жаюға шығып, байланысқа шықпай қалған 1959 жылы туған ер адамның жоғалуына байланысты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының Құршысай тұрғын алабынан 8 шақырым жерде құтқарушылар боран салдарынан бағдарынан айырылған адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет емес еді.

ТЖМ ауа райы қолайсыз болған жағдайда елді мекендерден шығу өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз.

Еске салайық, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 5 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген. 

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабық.

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында 8 (7172) 70-41-14, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖД 8(7162) 52-09-50 жедел желісінің телефоны ашылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина