- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде 58 жастағы...
Ақтөбеде 58 жастағы әйел өрттен қаза тапты
Ақтөбеде Жаңа жыл түні өрт шығып, салдарынан 58 жастағы әйел қаза тапты. Тағы бір 82 жастағы әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласындағы Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама ТЖ қызметіне 1 қаңтарда түнгі сағат 1-де келіп түскен. Өрт сөндірушілер жетісімен жатын бөлмедегі 10 шаршы метр аумақтың өртенгенін анықтаған. Өрт кезінде газ иісінен екі адам зардап шекті.
"Оқиға орнына 4 техника мен 24 адам аттанды. Келген бойда жатын бөлмеде өрт шыққаны анықталды. Өрт 2 сағаттың ішінде сөндірілді. Салдарынан үйде тұратын екі адам зардап шекті. 58 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жетпей көз жұмды. 82 жастағы қарт әйел аман қалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова