Ақтөбеде 3 жасар бала 5-қабаттан құлап, ауыр халде жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Келеңсіз жағдай кеше түс мезгілінде болған. 2020 жылы туған бала қаладағы бес қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
"Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Кома-1-де жатыр. Өздігінен демала алмайтын болғасын жасанды тыныс алдыру аппаратына қостық. Ол бас ми жарақтын алған, өкпесі, бауыры зақымданған. Кеудесіне дренаж салдық. Барлық ем-шара жасалып жатыр, бала дәрігерлердің бақылауында", - деді облыстық бала мен ананы қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов.
Дәрігерлер мен полиция қызметкерлері ата-аналарға балаға мұқият болуды ескертеді. Себебі көпшілігі терезедегі москит торына сеніп, баланы қараусыз жібереді. Ал мамандар бұндай тор баланың салмағына шыдамайтынын айтады. Сондықтан терезені бала аша алмайтындай бекіткен жөн.
Кәмшат Сексенбай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!