Ақтөбеде қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 тамыз күні жедел басқару орталығына көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабар түсті.
Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты.
Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!