- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде 17 жастағы...
Ақтөбеде 17 жастағы қыз жоғалып кетті
Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған қыз бала 1 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ақтөбе облысы полиция департаменті 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеуде, ол 1 ақпанда үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған", - деп жазылған хабарламада.
Жасөспірімнің бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара, көзі үлкен, ерні қалың, қасы доға тәрізді қалың. Үстіне қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр түсті жолақты шалбар, ақ етік киген. Ерекше белгілері жоқ.
Қандайда бір ақпарат болса азматтар 102 немесе 8776-546-66-66 телефондарына хабарласуы керек.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина