- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде 13 жастағы...
Ақтөбеде 13 жастағы оқушы мектепте қайтыс болды: прокурорлар мәлімдеме жасады
Ақтөбе қаласында 13 жастағы оқушының қайтыс болуына қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Ещановтың сөзінше, 14 желтоқсанда сағат 11.55-те қаладағы орталық балалар ауруханасында 2010 жылы туған, 7-сынып оқушысы Новиков Р.Е қайтыс болғаны туралы хабар түскен.
Марқұм оқушының сыныптастарының сөзінше, Новиков сыныпқа жүгіріп келіп, партаға соғылып, құлап түскен.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Полиция басқармасы мен Ақтөбе қаласының прокуратурасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Іс бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры жеке бақылауға алды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мектепте 13 жастағы оқушы партаға соғылып, қайтыс болғаны хабарланған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина