Ақтөбеде 10-сынып оқушысы пышақталып, ауруханаға түсті

Ақтөбеде 10-сынып оқушысы пышақталып, ауруханаға түсті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде 15 жастағы жасөспірім тал түсте пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қансыраған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Оқушыға бірден алғашқы хирургиялық көмек көрсетіліп, ота жасалған. Қазір ол травмотология бөлімінде ем алып жатыр.

"Айтуы бойынша, бейтаныс 3-4 бала телефон сұраған, телефон бермеген содан пышақтап, қашып кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Емін алып жатыр. Тамырларына зақым келмеген, тек беткейлік тамырлары зақымданған. Жалпы түскен кезде ота бөліміне әкеліп, алғашқы хирургиялық өңдеу жасалды. Жарақатқа ревизия жасалып, тігіс салынды", - деді облыстық балалар ауруханасы травмотология бөлімінің меңгерушісі Әкімжан Әубәкіров.

Ал облыстық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Бір-біріне шағымы жоқ.

Жарақат алған оқушы мен қасындағы бала екеуі бір мектепте білім алатыны белгілі болды. Білім ордасының директоры оқиға абайсызда болды деп отыр.

"Өзінің көршісі , 8-сыныпта оқитын баласы байқаусызда пышақ тығып алған. Үйлерінің алдында пышақпен ойнап отырған. Пышақ колледж оқушысының пышағы екен. "Заречныйдан" апасының үйіне қонаққа келген дейді. Соның қалтасында болған. Сол жерде отырған көршілер ойнаған. Жерге лақтыру барысында пышақты қадалған", - деді Ақтөбедегі №10 орта мектеп директоры Индира Бексұлтанова.

Кәмшат Қопаева

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан