Ақтөбеде 10-сынып оқушысы өзінен 5 жас кіші баланы ұрып, қолын сындырды деген күдікке ілінді

Ақтөбеде 10-сынып оқушысы өзінен 5 жас кіші баланы ұрып, қолын сындырды деген күдікке ілінді
Фото: gov.kz

Ақтөбеде 5-сынып оқушысының қолы екі жерден сынып, ота жасалған. Қазір ол қолындағы сым темірмен үйде білім алуға мәжбүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 6 қазанда болған. Содан бері біраз уақыт өткенімен, баланың анасы енді ғана жанайқайын дүйім жұртқа жеткізіп отыр.

Ақжан Кәрімнің айтуынша, ұлын 10-сынып оқушысы спорт алаңында ұрып-соққан, мектеп басшылығы бейнебақылау жазбасын көрсеткен, бірақ сапасы нашар.

Телеарна мәліметінше, полиция істі "орташа ауыр жарақат келтіру" бабымен тергеп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget