- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе зауытында оқыс...
Ақтөбе зауытында оқыс оқиға болды
Ақтөбе зауытында оқыс оқиға болып, бес жұмысшыны күйік шалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
19 маусымда Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қызметкерлері түрлі дәрежеде күйік алды.
Кәсіпорыннан 103-ке 16:02-де шақырту түскен. Дәрігерлерді зауыт медбикесі шақырған. Оқиға орнына келген мамандар зардап шеккендерге көмектесіп, олардың біреуін көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.
"42 жастағы ер адамның беті мен екі білегі күйіп қалған. Оған көмек көрсетілді, алайда зардап шеккен адам ауруханаға жатудан бас тартты, ол емханаға амбулаториялық бақылауға жіберілді", - деп жазылған басылым мәліметінде.
Қалған төрт қызметкер де жарақат алған. Олар ауруханаға жатқызылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова