Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын шетелдік компаниялар басқару мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылы БАӘ инвесторы Астана әуежайының ұшу-қону жолағын өз қаражаты есебінен реконструкциялауға кіріседі. Бұл жаңа басқарушы компанияға қойылған – бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолығын және Балқаш қаласындағы әуежайдың пероны мен ұшу-қону жолығын реконструкция бойынша жұмыс басталады", - деді министр Үкімет отырысында.
Марат Қарабаевтың айтуынша, еліміздегі әуежайларда мультимодальдық орталықтар құру үшін қажет құзыреті мен капиталы бар жеке инвесторларды тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Оның шеңберінде аталған Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының әуежайларынан бөлек, Қарағанды әуежайында инвестор ұшу-қону жолағын және қажет арнайы техниканы жаңғыртуды жоспарланып отыр.
Ақтөбе, Түркістан және Қызылордадағы әуежайларды осы салада тәжірибесі бар жаһандық ірі инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деді ведомство басшысы.
Аяз Есен
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!