- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе тұрғынын үй...
Ақтөбе тұрғынын үй алып беруге уәде берген сүйіктісі алдап кетті
Ақтөбе тұрғыны сүйіктісіне алданып, көлік пен үй сатып алуға 12 миллион теңгеден аса ақша берген. Алаяқ колонияға 5 жылға жіберілді, - деп хабарлайды "Диапазон".
Ақтөбе тұрғыны бастауыш сыныпта оқыған ауылдасын кездестірген, бірақ содан кейін ұзақ жыл бойы бір-бірін көрмеген. Олардың арасында сезім ұшқыны пайда болған, осылайша, қарым-қатынас басталған. Ер адам оған жүк тасымалымен ақша табуға болатындай жүк көлігін сатып алу туралы бизнес-идея ұсынған. Әйел оған 4 миллион 950 мың теңге берген. Бірнеше айдан кейін ол сүйіктісіне анасымен бірге тұра алатын жеке үй сатып алуды ұсынған. Ал әйел сүйіктісіне сеніп, несие алған, банкке өз пәтерін қойған. Ақыр аяғында ол одан көлікті де, уәде етілген үйді де алмаған. Ол барлығы 12 миллион теңгеден аса ақша берген.
Әйел полицияға арыз жазған. Ер адамға "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, жақында сот айыптау үкімін шығарған. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылған әрі жәбірленушіге шамамен 13 миллион теңге қайтаруы керек.
Ер адам кінәсін мойындамаған, ақшаны қарызға алғанын, үйді уәде етпегенін айтқан. Сондай-ақ, сотталған адам бейтаныс біреу өзінен "Гарант 24 Ломбардқа" салым ретінде 5 миллион теңгені алдап алып, қайтармағанын айтқан. Бірақ полицияға жүгінбеген.
Ал жәбірленуші сүйіктісіне миллионды қалай жай ғана бергенін, неге пәтер кепілдігімен несие алғанын түсіндірген.
"Оған сендім, өйткені оны жақсы көрдім. Ол сенімге кіріп, мені алдайды деп ойламадым", - деді ол сотта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ж. Қадыржанова