Ақтөбе тұрғыны үш күнде 33 рет жол ережесін бұзған

Ақтөбе тұрғыны үш күнде 33 рет жол ережесін бұзған
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше мәрте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 22 жастағы тұрғын әкесі үйде жоқтығын пайдаланып, оның Toyota көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Кейін көлікке шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, қала көшелерінде емін-еркін жүрген.

Небәрі үш күн ішінде жүргізуші жол қозғалысы ережелерін 33 рет бұзып, жалпы сомасы 1 млн 300 мың теңгеден асатын айыппұл арқалаған.

"Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі белгіленген жылдамдық режимін асыруға байланысты тіркелген. Жауапсыз әрекеттің соңы заң алдында жауап берумен аяқталды. Жүргізушіге әкімшілік материалдар рәсімделіп, көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget