Ақтөбе тұрғыны қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 1-бөлігінде (қарақшылық шабуыл) көзделген қылмысты жасағаны үшін 1990 жылы туған Зинур Гапурұлын іздестіріп жатыр.
"Іздеудегі адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, Ақтөбе облысының полиция департаментіне 93-61-00, 93-62-25, 7-776-546-66-66 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!