Ақтөбе тұрғыны екі ай ішінде жол ережесін 131 рет бұзған

Ақтөбе тұрғыны екі ай ішінде жол ережесін 131 рет бұзған
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдік есепте тұрған Toyota көлігінің иесі екі ай ішінде жол ережесін 131 рет бұзған. Анықталған құқықбұзушылықтар үшін салынған жалпы айыппұл сомасы шамамен 3,5 миллион теңгеге жеткен. Көлік айып тұрағына қойылды.

"Жүргізуші жасаған заңбұзушылықтар қатарында жылдамдықты арттыру, маневр жасау секілді өрескел әрекеттер бар. Ереже бұзу - адам өміріне төнетін нақты қауіп", - деп ескертті полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget