Ақтөбе тұрғыны қызының бұрынғы жігітін балағаттады деген айыппен жауапқа тартуды талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жігіт қызының жүкті екенін білген соң тастап кеткен. Қыз баланы тууға бел буған, анасы бұл шешімін қолдаған, ал жігіт екі әйелді де балағаттап хабарлама жазған. Нәтижесінде іс сотқа жетті. Айыптаушы моральдық шығынды өтеу ретінде айыпталушыдан қорлағаны үшін бір миллион теңге талап етті. Оның қызы балағаттағанын растады, оның үстіне, сотталушы тіпті түсік жасатуын талап еткен. Іс басталғаннан кейін ғана қыз бұрынғы ғашығының үйленгенін білген.
Сотталушының өзі кінәсін мойындамады, ол айыптаушы мен оның қызына ешқандай хабарлама жібермегенін айтты.
Сот оны "ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып қорлау" бабы бойынша кінәлі деп танып, 50 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, сот оны айыптаушыға 400 мың теңге көлемінде моральдық залал үшін өтемақы төлеуге міндеттеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!