Ақтөбе тұрғыны Volkswagen Jetta көлігін 12-шағынаудандағы автотұраққа қойып, кілтті ішіне тастап, есікті құлыптамай кетіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктің маңынан өтіп бара жатқан адам бұл жағдайды пайдаланып қалмақ болған.
Басылым мәліметінше, ол көлікті оталдырып, Жайсан ауылына қонаққа барған. Ауылда шаруаларын бітірген тұрғын түнде Ақтөбеге қайтқан. Осылайша, ол көлікті Бауырластар ауылының маңындағы тасжолда қалдырып кеткен. Сонымен қатар, көлікке 531 мың теңге көлемінде зақым келтірген.
Оқиға нәтижесінде ер адам сотталды. Ол сотта қылмыс жасағанын түсінген кезде көлікті қайтаруға шешім қабылдағанын айтты. Үкімге дейін жәбірленушіге залал өтелмеген.
Сот ер адамның бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!