- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік...
Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде танысамын деп, 700 мың теңгесінен қағылды
Фото:
depositphotos
Ақтөбенің 48 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде ер адаммен танысып, 700 мың теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, әйелге ер адам өзін "АҚШ тұрғынымын" деп таныстырған. Біршама уақыт сөйлескеннен кейін "күйеу жігіт" қазақстандық әйелге брендтік сағаттар мен сөмкелер және 10 мың долларды сыйлық ретінде жібергенін айтқан, бірақ оны алу үшін кедендік алымды төлеуі керек екен. Ал әйел оған 700 мың теңгедей ақша аударған.
Полиция департаменті алаяқтардың айласына түсіп қалмау және өз жинаған ақшаңыздан қағылмау үшін қарапайым ережелерді сақтау керегін ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан