Ақтөбеде мемлекеттік мекеменің бухгалтері алаяққа 25 миллион теңгесін аударған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтардың айла-амалдарына тек зейнеткерлер ғана емес, сонымен қатар ақша санауды білетіндер де түседі. Бұл жолғы алдаудың құрбаны Мұғалжар ауданының 58 жастағы бухгалтері.
Әйелге белгісіз біреу қоңырау шалып, оған 3 миллион теңге несие мақұлданғанын айтқан. Кейін белгісіз адам әйелге несиені криптовалютасына салуды ұсынған. Әйелге "криптоволютаға инвестиция салу" ұнағаны соншалық, барлық жиған 25 миллион теңгесін аударып жіберген.
Полиция департаменті осындай қоңыраулар түскен кезде дүрбелеңге түспеуді еске салады. Кез келген сылтаумен бейтаныс адаммен сөйлесуді тоқтатып, банкке хабарласыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!