- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе тұрғындарынан бұршақтан...
Ақтөбе тұрғындарынан бұршақтан қорғану сұралады: қалада дауылға қатысты ескерту жарияланды
Ақтөбе билігі дауылдың алдын алуға байланысты қала тұрғындарына жүгінді. Адамдардан өздерін және мүліктерін бұршақтан қорғау сұралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбеде екі күн қатарынан найзағай соғып, қатты жаңбыр жауады. Синоптиктердің мәліметінше, 8 және 9 тамызда облыс орталығында нормадан төрт есе көп жауын-шашын түсті. ТЖ департаменті 10 тамызға дауыл туралы ескерту жариялады.
"10 тамыз түстен кейін Ақтөбе облысының орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде батыста, солтүстікте, орталықта, күндіз облыстың көп бөлігінде найзағай болады. Облыстың оңтүстік, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 10 тамызда найзағай болады", - деп хабарлады Ақтөбе облысының ТЖ департаменті.
Дауылды ескертуге байланысты қала тұрғындарына Ақтөбе әкімі жүгінді. Азамат Бекет тұрғындардан өзін және мүлкін бұршақтан қорғауды сұрайды. Қала басшысы Ақтөбеде үшінші күн қатарынан жаңбырлы ауа райы сақталатынын атап өтті. Қазгидрометтің мәліметінше, 2 күн ішінде жауын-шашын мөлшері 74 миллиметрге жетті, бұл нормадан 4 есе көп. Айдалатын жаңбыр суының көлемі 30 мың текше метр.
"Синоптиктердің болжамына сәйкес, бұршақ түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, сондай-ақ қатты жаңбыр, қатты жел, найзағай күтіледі. Елдің кейбір аймақтарында қатты бұршақ жауғаны белгілі, автомобильдерге зақым келген. Сондықтан сіздің мүлкіңізге қамқорлық жасаңыз. Қолайсыз ауа райы жағдайларын ескеруді, сақтық шараларын сақтауды, қажет болмаған жағдайда көшеге шықпауды сұраймыз", - деді Азамат Бекет.
View this post on Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә