- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе полициясының басшылығы...
Ақтөбе полициясының басшылығы уақытша ұстау изоляторындағы оқиға үшін жазаланды
Ақтөбе полициясының басшылығы уақытша ұстау изоляторындағы оқиға үшін жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 12 қарашада Ақтөбедегі уақытша ұстау изоляторынан екі адам қашып кеткен. Полиция оларды қалай ұстағанын ашып айтпаса да, бірақ қашып кеткендерді сол күні қолға түсіргенін хабарлады.
Бұл факті бойынша қызметтік тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Ақтөбе полиция департаментінің басшылығы түгелдей, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторының басшылығы да тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
"Ақтөбедегі уақытша ұстау изоляторынан қашу дерегі бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша Ақтөбе полиция басқармасы басшылығы мен жеке құрамы түрлі тәртіптік жазаға тартылды. Изолятордың үш қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды, үшеуі атқарып отырған лауазымынан босатылды, 5 қызметкерге қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту және үшеуіне қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат қылмыстық іс шеңберінде жарияланбайды", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан