“Ақтөбе“-“Ордабасы“ матчіндегі дау: полиция жағымсыз плакат ұстағандарды анықтады

Ақтөбе облысының полициясы "Ақтөбе" мен "Ордабасы" ойынындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында "Ақтөбе" және "Ордабасы" командалары арасындағы матч кезінде кәмелетке толмаған қыздар жағымсыз мазмұндағы плакат ұстағаны көрінетін видео анықталған.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды анықтады. Ата-аналарымен бірге оларға профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қыздардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған қыздар өз әрекетінің заңсыздығын түсінді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 17 қазанда Қобыланды батыр атындағы стадионда "Ақтөбе" ФК мен "Ордабасы" ФК командалары арасында Қазақстан премьер-лигасының матчі өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз