Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау дерегі бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында Хромтау қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті жергілікті тұрғынға ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарататынын айтып, оны қорқытып, 5 миллион теңге бопсалаған. Ол жәбірленушіден талап еткен ақшаның 3 миллион теңгесін алып жатқан сәтінде ұсталды.
Ұсталған азаматтан полицейлер қолма-қол ақша мен телефонды тәркіледі.
ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!