Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше Ақтөбе облысының құтқару қызметіне Шалқар ауданы шаруа қожалығының жұмысшысы Қауылжыр ауылына жаяу шығып, жол таппай адасып кеткені туралы хабар түсті.

Бүгін, 27 желтоқсанда 1986 жылғы ер азамат Шалқар қаласынан 47 шақырым жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары және кинологпен Сальма есімді төртаяқты құтқару иті, полиция департаменті қызметкерлері, ЖАО мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!