Алаяқтық жасады деп айыпталған адам Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевты алдап, қылмыстық іс бойынша мәселені шешуге уәде беріп, миллиондар алғанын мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылғы көктемде Ермек Имантаевқа (бұл кезде іс қозғалған - еск.) көптен бергі танысы Нұрлан Балтаев хабарласқан. Ол Имантаевқа Антикордағы адам арқылы қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға көмектесетінін айтыпты. Бірақ оның құны 100 миллион теңге болатынын жеткізген. Имантаев бұл ұсынысқа келіскен.
Басылым мәліметінше, Балтаев оны қайта-қайта асықтырып, істі бақылауда ұстайтынына сендіріпті және Имантаевтың туыстары мен таныстарынан шығындарға ақша алған. Имантаев Балтаевқа құрамына өнеркәсіптік база кіретін "Capital investment GRUP" ЖШС жарғылық капиталының 70 пайызын беруді ұсынған. Балтаев келісіп, мәміле жасаған. Содан кейін ол Имантаевтан осы базаны сатуға және ақша табуға көмектесуін өтінген. Бірақ оны сату мүмкін болмай, Имантаевтың өзі 30 миллион теңге қарызға алып, жинақтарын қосып, қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін бәрін Балтаевқа берген. Бірақ ол уәдесін орындамапты, өйткені Имантаевты алдаған.
Нәтижесінде Балтаев алаяқтық жасады деп айыпталып, іс сотқа берілді. Бірінші сот процесінде прокурор айыптау бойынша ақпараттарды айтты.
"Балтаев Имантаевтан 36 миллион 414 теңге, 10 мың доллар және "Сapital investment GRUP" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 70 пайызын алды (нарықтағы құны 188 миллион 550 мың - еск.). Мұның барлығының жалпы сомасы - 229 миллион 537 мың теңге", - делінген мәліметте.
Балтаев прокуратурамен кінәсін мойындау туралы келісім жасасты және 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Имантаевтың өзі сотта болған жоқ, сондықтан оның бұл іс бойынша қаншалық жазаланатыны белгісіз. Бірақ бұрын сотталған кезде ол журналистерге ұзақ уақыт бойы біреулер бопсалап келгенін, жоғары лауазымды шенеуніктің атынан әрекет ететінін айтқан адамдарға ақша төлегенін айтқан.
Айта кетейік, Имантаевтың өзі қазанда "Ақтөбе" ӘКК төрағасы болып жұмыс істеген кезде жер учаскесін заңсыз сату туралы іс бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!