Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалин "ҚМК Мұнай" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE-де жарияланған құжатқа сәйкес бұл шешім компания акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған.
"Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілді: Е.А.Құрманғазин алып тасталды; О.С.Оразалин сайланды", - деп жазылған ақпаратта.
Осылайша, өзгерістен кейін компанияның директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады, оның үшеуі - тәуелсіз директор. Директорлар кеңесінің төрағасы - Ли Шуфэн.
Компанияның акционерлері - Yukon Energy Holding S.A. және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, олардың әрқайсының үлесі 50 пайыз болады.
Экс-әкім туралы
Оңдасын Оразалин 2022 жылғы тамызда Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кеткен болатын. Бұл қызметте ол 2019 жылғы ақпаннан бастап жұмыс істеді. Ал 2017 жылдан 2019 жылға дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова