Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрынғы шенеунікті қамауға алу мерзімін ұзарту туралы ақпаратты Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі растады. Ермек Имантаев 2023 жылғы 8 мамырға дейін қамауда болатыны хабарланды.
Биыл ақпанда сот оны екі айға қамауға алуға санкция берген. Ол билігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!