- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысының әкімі...
Ақтөбе облысының әкімі қызметіне Бердібек Сапарбаев тағайындалды
Ақтөбе облысының әкімі қызметіне Бердібек Сапарбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған. Еңбек жолын Қызылорда облысының Задария кеңшарында жұмысшысы болып бастады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары республикалық басқармасында экономист, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігінде экономист болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары болды, ҚР Президенті аппаратында және Министрлер кабинетінде жұмыс істеді. 2014 жылдың 11 қарашасынан бері Қазақстан премер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметте Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов болған еді. Ол Қостанай облысы әкімі болып тағайындалды.
М. Бисембаева