Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: жаңа мәліметтер пайда болды

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: жаңа мәліметтер пайда болды

Бас әскери прокуратура Ақтөбе облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеудің егжей-тегжейін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

9 қарашада болған әскери тікұшақ апатын Ішкі істер министрлігінің Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы тексеріп жатыр. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 464-бабының 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыстық қудалау органы қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Тікұшақ апаты кезінде бортта болған екі экипаж мүшесі ауруханадан шығарылды, денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр", - деп хабарлады прокуратура.

Істің тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Оқиға қалай болды?

Еске салайық, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының аумағында тікұшақ қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түскен.

Кейін Қорғаныс министрлігі құлаған тікұшаққа қатысты мәлімдеме жасап, апат себебін атады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тікұшаққа 2023 жылы Алматы қаласының 405 авиациялық-жөндеу зауыты базасында жөндеу жасалған.

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: офицердің ақтық сапары

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!