- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысындағы су...
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: зардап шеккендерге қанша ақша төленетіні белгілі болды
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 31 миллион теңге төленеді. Осы айда резервтен ақша бөлініп, үй иелерінің шотына аударылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Арнайы комиссия апаттан келтірілген залалды зерттеп, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында жұмысын аяқтаған.
Нәтижесінде 11 үйдің тұрғынына 31 миллион теңге төленетін болды. Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаевтың айтуынша, осы айда резервтен ақша бөлініп, бұл сома үй иелерінің шотына аударылады. Енді тұрғындар баспанасын қалпына келтіруі керек.
Айта кетейік, 17 наурызда Қаратал ауылының тұрғындары қауіпті аймақтан көшірілген болатын. Ол кезде Ойыл өзені арнасынан асып, топырақтан жасалған қоршауды бұзып кеткен еді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы тұрғындары су тасқынынан кейінгі жағдайды айтқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова