- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысындағы су...
Ақтөбе облысындағы су тасқыны: 70-тен аса адам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото:
ТЖМ
Ақтөбе облысындағы ауылды су басып, ондағы халық эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
"Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында жауын-шашынның көп жаууы және қардың еруі салдарынан елді мекендегі 2 ауланы су басып, Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындады. Құтқарушылар 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.
Жергілікті тұрғындарға медициналық көмек керек болмаған.
Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі 4 ауданды су басқан еді: Әйтеке би, Байғанин, Темір және Мұғалжар.
Сондай-ақ, елімізде 10 өңірде су тасқыны қаупі бар екені хабарланған.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz