- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысындағы Ойыл...
Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің су деңгейі төмендеді
Фото:
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында жағдай тұрақты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарында су айдау және инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Ойыл ауданында Ойыл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады. Халықты, инертті материалды және азық-түлікті тасымалдау үшін понтон өткелі жұмыс істейді. Қалған эвакуацияланған 1470 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6072 адам туыстарына орналастырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы