Ақтөбе облысындағы қою қара түтін жұртты шошытты

Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысындағы қою қара түтін түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті Instagram парақшаның ақпаратына сүйенсек, мал базар маңындағы үй мен орман жанып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актобе / Aktobe (@aktobe_zello)

Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары Айбат Жаңабергенов жағдайға қатысты пікір білдірді. ТЖД өкілдері үй жанып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазір өртсөндірушілер облыс орталығының шетіндегі Сазда өзенінің бойындағы қамысты сөндіріп жатқаны белгілі болды.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды және Павлодар облыстарының шекарасындағы алапат өрт сөндірілгені хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова