Ақтөбе облысында шетелдік жүк көлік жүргізушісі сегіз адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
Бес жас футболшы мен үш ересек адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша сот жалғасып жатыр. Оқушылар мен жаттықтырушылардың өліміне шетелдік жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі.
Қайғылы оқиға тамызда Самара-Шымкент тасжолында болды. Жас футболшылар, олардың туыстары мен жаттықтырушылары турнирге Маңғыстау облысына бара жатқан. Жолда олардың Toyota Ipsum микроавтобусы жүк көлікпен соқтығысты. Көлікте отырған жолаушының бәрі қаза тапты: 11 жастағы бес оқушы, олардың екеуі ағайынды, олардың 37 жастағы әкесі, сондай-ақ жүргізуші және тағы бір ересек жолаушы.
Тергеу Беларусь азаматы Сергей Соловьев апатқа кінәлі екенін анықтады. Сотта 37 жастағы айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленушілер моральдық өтемақы төлеуді талап етті, талаптардың жалпы сомасы 70 миллион теңге болды.
Айыпталушы азаматтық шағымдармен келіскен, бірақ төлем мөлшерін азайтуды сұраған. Оның айтуынша, оның отбасының қаржылық жағдайы қиын - ол отбасындағы жалғыз асыраушы, ал жұбайы декреттік демалыста.
Айыптаушы тарап сотталушыға көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жылға айырып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!