- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысындағы жол...
Ақтөбе облысындағы жол апаты: жасөспірімдердің жағдайы белгілі болды
Ақтөбе облысындағы жол апатының салдарынан жасөспірім қыз сол жерде көз жұмды. Ал жарақат алған төрт бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2007 жылы туған қыз бала ауруханаға ес-түссіз жеткізілген. Ашық бас-ми жарақатын алған, миына қан құйылған. Жағдайы өте ауыр. Ал 2008 жылы туған екі баланың жамбас сүйегінің төменгі бөлігі сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасына жіберілген. Ал бір бала жеңіл жарақат алғандықтан амбулаториялық бақылауға алынған.
Облыстық полиция департаменті балаларға көлік жүргізуге рұқсат бермеуді сұрайды.
Айта кетейік, қайғылы оқиға кеше сағат 20:55 шамасында "Шалқар-Бозой" тасжолы бойында болған. Toyota Land Cruiser көлігін жүргізген кәмелетке толмаған бала рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.
Кәмшат Қопаева
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы