- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік...
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатының алдын-ала себебі айтылды
Фото:
mgorod.kz
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатының алдын-ала себебі айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Қаралы оқиға кезінде төрт бала мен төрт ересек адам қайтыс болды. 6 наурызда таңертең Ақтөбе-Астрахань тасжолында екі көлік соқтығысты.
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның алдын ала ақпараты бойынша өртенген "Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, соның салдарынан көлік өртенді.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова