- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында заңсыз...
Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден қуылды
Фото:
polisia.kz
Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында полиция заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 15 шетелдікті анықтады.
фото: polisia.kz
Көрші елдің азаматтары мектеп салумен айналысқан. Шетелдіктер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылып сот шешімімен елден шығарылды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін хаттама толтырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина