Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі тосын жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылуына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған", - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 27 наурызда Атырау облысында да дронға ұқсас зат табылды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!