Ақтөбелік құтқарушылар 82 шетел азаматын эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тасжолында Шымкент қаласынан Ресей Федерациясына бара жатқан автобус ақауға байланысты жолын жалғастыра алмаған. Жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
ТЖМ қызметкерлері Өзбекстан, Тәжікстан және РФ азаматтарын, жалпы 82 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді.
"Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Шетел азаматтары Қазақстан құтқарушыларына алғыс білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз