- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында тыйым...
Ақтөбе облысында тыйым салынған діни аудио сақтаған ер адамға айыппұл салынды
Ақтөбе облысында теміржол ұйымының 29 жастағы қызметкеріне әлеуметтік желіде тыйым салынған діни аудиодәрістерді сақтағаны үшін 69 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көлік инфрақұрылымы қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы тыйым салынған фото, видео және аудио материалдарды анықтау және олардың таралуына жол бермеу мақсатында күн сайын интернет ресурстарына мониторинг жүргізеді.
Мұндай құқықбұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мәселен, ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Ақтөбе облысы теміржол ұйымының қызметкерінен дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған аудиоматериалдар табылды.
Көлік полицейлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотына жолдады. Сот шешімімен 29 жастағы ер адам 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек